Жарияланды: 490

Оңтүстік Қазақстан облысында полицияның екі қызметкері пара алып жатқан жерінен қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысында полицияның екі қызметкері пара алып жатқан жерінен қолға түсті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен.

Шымкентте полиция қызметкері күйеуің мен өзіңнің соңыңнан қылмыстық қудалауды доғарамын деген уәдемен бір әйелден 3 мың доллар көлемінде пара талап еткен. Соңынан талап етілген ақша көлемі 300 долларға дейін азайтылады. Осыған байланысты әйел Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментіне шағымданады. Нәтижесінде әйелден ақша бопсалаушы полиция қызметкері жұмыс бөлмесінде параны алып жатқан жерінен құрықталды. Дәл осындай оқиға облыстағы Түркістан қаласында болды. Түркістан қалалық ІІБ-ның тергеушісі ұлына қатысты қозғалған қылмыстық істі доғарамын деген желеумен жергілікті бір тұрғын әйелден 1000 доллар сұраған. Уағдалы мерзімде әйелдің үйіне өз аяғымен келіп 10 мың теңге мен алтын бұйымдар алып жатқан жерінен әлгі тергеушіні ҰҚКД қызметерлері қолға түсірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть