Оңтүстік Қазақстан облысында шағын бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясындағы қаражат тоқыма саласына бағытталмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында шағын бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясындағы қаражат тоқыма саласына бағытталмақ

Оңтүстік Қазақстан облысында шағын бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясындағы қаражат тоқыма саласына бағытталмақ

Шымкент. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын нысаналы қаржыландыру" бағдарламасы аясындағы 800 млн теңге қаражат "Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймақ аумағындағы шағын және орташа тоқыма кәсіпорындарын дамытуға бағытталады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Маусым 2008
  • 594
Фото - Caravan.kz

Кеше әкімдікте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімов, «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармалары төрағасының орынбасары Дәулет Бақберген мен «Өңірлік инвестициялық «Максимум» орталығы» ЖШС директоры Эльдар Қабиев ынтымақтастық туралы үш жақты келісімге қол қойды.

Келісімге сәйкес, «Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын нысаналы қаржыландыру» бағдарламасы бойынша жобаларды қаржыландыруға «Өңірлік инвестициялық «Максимум» орталығы» ЖШС 300 млн теңге, ал «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» — 500 млн теңге бөледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті