Шымкенттегі жанармай тарату бекеттеріндегі бағаның шамалы ғана арзандауы мамырдың аяғында байқалған. Ол кезде АИ-96 жанармайының бағасы 98 — 100 теңгеден 96-97 теңгеге дейін, АИ-92 — 90 теңгеден 88 теңгеге дейін, АИ-80 — 78 теңгеден 74 теңгеге дейін арзандаған. Дизельдік отын бағасы өткен аптада небәрі бір теңгеге арзандады.
«Қазір біз квота бойынша жанар-жағармайды бұрынғы көлемде және сол бағаға алып жатырмыз. Жалғыз айырмашылық сол, дизельдік отын пайда болды. Әзірге бағаның азаюына объективті себеп жоқ», — деді бекет қожайындарының бірі.
Шымкентте жанар-жағармай бағасы облыс аудандарына қарағанда төмен. Жүргізушілердің айтуынша, аудандық жанар-жағармай тарату бекеттерінде барлық жанармай түрлерінің бағасы облыс орталығындағыдан 2 — 5 теңгеге жоғары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті