Жарияланды: 390

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында контрабандашылар тауарды бейіттер арқылы өткізеді

Шымкент. 9 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында контрабандашылар қазақ-өзбек шекарасы арқылы тауарды шекара маңындағы бейіттердің аумағы арқылы өткізеді. Бұл туралы кеше құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінің отырысында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Оңтүстік" аймақтық басқармасының қолбасшысы Талғат Есетов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараның шегін белгілеген кезде ондаған бейіттер шекараның екі жағына бөлініп қалған. Ақыры ұзаққа созылған үкіметаралық келіссөздерден кейін ғана бейіттер Қазақстан аумағында қалды. Кеңес отырысында мәлім болғанындай, кейінгі тоғыз айда шекарашылар 2700 заң бұзушылықтың жолын кескен. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін