Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 30-маусымда Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының 17 жасар тұрғыны әл үстінде жатқызылған. Жігіттің басы ауырып, дене қызуы көтеріліп, алты сағат бойы мұрнынан қан аққан көрінеді. Науқас өзін кене шағып алғанын мойындамағанымен, дәрігерлер «қырым қанды безгегі» деген күдікпен оны серологиялық зерттеуге жіберді.
3-шілдеде зертхана тексерулері дәрігерлер қойған диагнозды растады. Қазір науқастың ахуалы тұрақты ауыр деп бағалануда.
Ә.Маймақовтың айтуынша, бұл соңғы екі жылда облыста тіркелген қырым қанды безгегіне қатысты алғашқы оқиға.