Оңтүстікте гүлдер құлпырып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстікте гүлдер құлпырып жатыр

Оңтүстікте гүлдер құлпырып жатыр

Еліміздің басым аймағында қыс қаһарына мінсе  Оңтүстік Қазақстанда гүлдер құлпырып жатыр. Жұрттың бау-бақшасында тек наурыздан соң гүлдейтін өсімдіктер қаулап шығуда.

  • 26 Қаңтар 2016
  • 292
Фото - Caravan.kz

Қала сыртында даланың жасыл желекке боялғаны былай тұрсын тұрғындардың бақшасында көктемдік гүлдер нәркес, раушангүл мен қызғалдақ өсіп жатыр. Ай басынан бері ауа райының жылы болғандығынан жалбыз бен ақжелкен секілді көкөністер де қылтиып шыға бастаған. Тіпті, оңтүстік жұрты даладан саңырауқұлақ теріп мәз-мейрам. Көктемі ерте келген күнгейліктер күн суыса көкжелектен мүлдем айрылып қаламыз деп те үрейленіп жүр.