Жарияланды: 560

ОҚО: "Батыс Қытай- Батыс Еуропа" дәлізі жол құрылысы барысында туындайтын мәселелерді шешу жөніндегі жедел штаб құрылды

Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиевтің қатысуымен Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асыру жөнінде кеңес өткізілді,

деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов және өңірдегі жобаны іске асырып жатқан мердігерлік компаниялардың басшылары қатысқан кеңесте Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізін қайта салу учаскелеріндегі жұмыс барысы қаралды. Көлік ведомствосының басшысы Б.Камалиев өз баяндамасында 24 маусымда Премьер-Министр К.Мәсімовтің төрағалығымен экономиканы модернизациялауға байланысты Мемлекеттік Комиссияның отырысы өткендігін еске салды. Онда «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асыру барысы тыңдалды. Бүгінгі күні автожол салынатын жер телімдерін сатып алу және топырақ карьерлерін рәсімдеу мәселелері өзекті болып отыр. Бүгінге облыс бойынша 886 учаске сатып алынбаған. Жұмыс жүргізіліп жатқан жолдарда 847 жер учаскеден 130 учаске сатып алынбаған. Осыған орай, жергілікті атқарушы органдар тарапынан белсенділік танытылу қажет, себебі, қуынушы әкімдіктер болып табылады. Және бір маңызды мәселе - топырақ карьерлеріне жер қойнауларын пайдалану құқығын рәсімдеу ұзақтығы. Қазіргі таңда, дәліздің іске асырылып жатқан учаскелерінде 194 карьерге жер қойнауын пайдалану құқығын рәсімдеу қажет, соның ішінде, 152 карьерлік процедуралар 2010 жылдан бері жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні тек 18 карьер бойынша келісілудің қорытынды процедурасы жүргізілуде. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асыру жөнінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов баяндады. Отырысты қорытындылай келе, Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев жобаны табысты іске асыру үшін мердігерлік компаниялар мен жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ, басқа да ведомстволардың мүдделі органдарының бірлескен іс-қимылы қажет екендігін атап көрсетті. Сонымен қатар, жол құрылысы барысында пайда болатын мәселелерді шешу жөнінде 10 күн сайын жиналып отыратын оперативті штаб құру туралы шешім қабылданды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін