«Кеше республикалық селекторлық жиналыста электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Облыс әкімі Нұрғали Әшімов барлық келісімдерді бұза отырып, Екібастұз Оңтүстік Қазақстан облысына электр қуатын тасымалдауды қалпына келтірмегенін хабарлады. Премьер-министр электр қуатын тез арада жеткізуге тапсырма берген. Алайда, қазіргі уақытқа дейін келісім бойынша электр қуатын жеткізу қалпына келген жоқ», — деп ақпарат ұсынды О. Иванова.
«Оңтүстік жарық» ЖШС мәліметтеріне сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысындағы электр қуатының жетіспеушілігі 75 МВт-сағатты құрап отыр. «Егер біз осыдан бір апта бұрын Шымкент қаласын 10 МВт-сағатқа шектеп отырсақ, қазір біз 25 МВт-сағатқа шектеудеміз», — деп хабарлады О. Иванова.
Қоғаммен байланыс жөніндегі менеджердің ақпаратына сүйенсек, «АЭС-Екібастұз» ЖШС жаңа басшылығы 26 маусымға дейін Оңтүстік Қазақстан облысына электр қуаты жеткізілмейтінін мәлімдеген. Қазіргі уақытта кешкі максимум кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының электр қуатын тұтынуы 400 МВт-сағатқа жетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті