ОҚО құтырудан ер адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО құтырудан ер адам қайтыс болды

ОҚО құтырудан ер адам қайтыс болды

Астана. 14 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында құтыру кеселінен бір ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 14 Желтоқсан 2007
  • 362
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 8 желтоқсанда Шемкенттің жұқпалы аурулар ауруханасына «құтыру» диагнозымен 41 жастағы ер адам жеткізілді.

«9 желтоқсанда облыстық дәрігерлер кеңесінде «құтыру» дерті расталды. Ауру иттің тістеуі немесе басқа жануарлардан жұқтырылғандығы жөнінде деректер жоқ», — деп түсіндірде ТЖМ баспасөз қызметінде.

41 жастағы ер адам қайтыс болды деген хабар 13 желтоқсан күні сағат 16.20 мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен келіп түсті.

Қайтыс болған адаммен қарым-қатынаста болған 9 адам анықталып, медициналық бақылауға алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті