ОҚО-да дүниеге үшем әкелген 29 жастағы ана «Алтын алқа» тақты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да дүниеге үшем әкелген 29 жастағы ана «Алтын алқа» тақты

ОҚО-да дүниеге үшем әкелген 29 жастағы ана «Алтын алқа» тақты

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауылында тұратын Құралай Тағаева облыстағы алғашқы үшемді дүниеге алып келді деп хабарланған облыс әкімдігінің ресми сайтында.

  • 19 Наурыз 2015
  • 749
Фото - Caravan.kz


Қазір 29 жастағы келіншектің 8 баласы бар. Оның алғашқы перзенттері де егіз болған екен. Құралайдың үшем босанатынын дәрігерлер өзіне алдын-ала ескерткен. Осыған дайындалып жүрген ол үш қызы — Ханбибі, Жанбибі және Нұрбибіге жеңіл босанғанын айтады. 

«Алтыншы балаға жүкті болдым деп жүргенде сегіз баланың анасы атанғанымды да байқамай қалдым», дейді ана. 

Ал алғашқы перзенттері Арайлым мен Аяулым да егіз екен.

Айта кетейік, өткен жылы облыста отызға жуық үшем дүниеге келсе, егіздердің саны алпыстан асқан. Құзырлы мекемелер 2013 жылы өңірде 80 мыңнан аса сәби дүниеге келгенін, ал 2014 жылы бұл көрсеткіш тағы бірнеше мыңға артқанын айтады. Бұл республикадағы жоғарғы көрсеткіш. Ал бір ғана Қазығұрт ауданында жылына 2 мыңға тарта нәресте дүниеге келетін көрінеді.

«2013 жылдың қорытындысымен ауданда 106 мың тұрғын болған болса, 2015 жылдың басында халық саны 108 мың 700-ге жетіп отыр. Жыл сайын 2 мың нәресте дүние есігін ашады», — дейді Қазығұрт ауданының әкімі Болатбек Қыстауов.