ОҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

ОҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

Оңтүстік Қазақстанда қайғылы жағдай! Шымкент іргесіндегі Мәртөбе ауылында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты. Апат талтүсте тасжол бойында орналасқан жанармай бекетінің маңында болған.

  • 24 Шiлде 2014
  • 293
Фото - Caravan.kz


Күре жолдың бойымен жүйткіген екі жеңіл көлік бетпе-бет соғылыпты. Соққының қатты болғаны сонша Аудидің сау-тамтығы қалмай, тіпті қозғалтқышына дейін бөлек жатыр. Бүктеліп қалған осы көліктегі 3 жолаушы мен жүргізуші тілге келместен жан тапсырды. Ал Мерседес тізгініндегі 25 жастағы азамат дін-аман. Қазір ол қамауға алынды. Өйткені, алдын-ала болжам бойынша, дәл осы жігіт жылдамдықты шамадан тыс арттырып қарсы бағытқа шыққан.