Жарияланды: 40

Оқуға барар жолда жоғалып кетті: Семейде 18 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

Оқуға барар жолда жоғалып кетті: Семейде 18 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

Семейде осымен оныншы күн 18 жастағы қыз іздестіріліп жатыр.

Бұл туралы Tengrinews.kz Устинка Live-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

18 жастағы Зарина Григоренконың туыстары іздестіру жұмыстарына көмектесуді сұрап отыр. Қызды соңғы рет 19 мамырда көрген. Ол педагогикалық колледжге оқуына кетіп, сол күйі оралмаған. 

"Ол ешкіммен ұрысқан жоқ, байсалды қыз. Оны алып қашып кетуі мүмкін деген ойлар да болды, бірақ ол әлі расталмады. Оны осыған дейін сәуір айында алып қашып кеткен болатын, бірақ біз оны қайтарып алдық. Үлкен дау шыққан еді", - дейді жоғалып кеткен қыздың әпкесі Алена.

Заринаның үстінде джинс күртешесі, сары жейде, джинс пен ақ түсті аяқкиім болған.

Жоғалып кеткен қыз жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласу сұралады: 8 747 349 57 17, 8 747 063 53 13, 8 747 212 15 84 немесе 102.

Оқи отырыңыз:

Астанада үш жасар бала менингит дертіне шалдықты деген күдік туындады 

"Канелоның" командасы Головкинмен кездесуден бас тартты 

Ерке Есмахан Астанадағы Open Air туралы: Ресейлік әншілердің ерекше ештеңесі жоқ
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть