Оқушы қыздарға ақша ұсынып, жалаңаш суреттерін желіге жүктеген ер адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқушы қыздарға ақша ұсынып, жалаңаш суреттерін желіге жүктеген ер адам ұсталды

Оқушы қыздарға ақша ұсынып, жалаңаш суреттерін желіге жүктеген ер адам ұсталды

Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы TikTok әлеуметтік желісіндегі мониторинг барысында 7-10 жастағы кәмелетке толмаған қыздардың ересек ер адаммен хат алмасу дерегі анықталғанын мәлімдеді. 

  • 16 Қараша 2022
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тәртіп сақшылары 27 жастағы Ақтөбе облысының тұрғынын анықтап, ұстады.

Ведомство мәліметінше, ер адам балаларға ақша ұсынып, жалаңаш суреттерін жүктеп, ата-аналарына бұл туралы айтпауды сұраған. Ол түскен суреттерді шетелдік әлеуметтік желілерде жариялап отырған.

«Күдіктінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 312-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы «Кәмелетке толмағандардың порнографиялық суреттері бар материалдарды дайындау және тарату» бойынша алдын ала сараланып жатыр. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі», – деп хабарлады Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары ата-аналардан балаларының әлеуметтік желілерде не істейтінін мұқият бақылауды сұрады.