Жарияланды: 570

Орал қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Орал қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып Василий Лян тағайындалды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігінен хабарлады.

1957-жылы туған В.Лян Ленин атындағы Қазақстан политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. Соңғы уақытта Алматыдағы "Аладит" ЖШС-нің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған. Орал қаласы әкімінің орынбасары лауазымында ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселесімен айналысады. Бұған дейін әкімнің орынбасары орынтағын иемденген Ғайса Қапақов облыстық құрылыс және сәулет басқармасының бастығына тағайындалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін