Оралда тұралаған Қырымдық жүргізушілер еліне қайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда тұралаған Қырымдық жүргізушілер еліне қайтты

Оралда тұралаған Қырымдық жүргізушілер еліне қайтты

Саяси түсініспеушілікке байланысты үш апта бойы Оралда бөгелуге мәжбүр болған қырымдық жүк көліктерінің жүргізушілері кері қайтарылды. Олар осы уақытқа дейін айыппұл тұрағына қойылған машиналарында түнеп жүрген. Бүгін ақыры Көлік бақылау комитетіндегілер оларға түсіністікпен қарап, Отандарына оралуға рұқсат берді.

  • 22 Қараша 2014
  • 229
Фото - Caravan.kz

Дегенмен, тиісті құжаттары табылмаған олар заңға сай айыппұл мен тұрақтың да ақысын өтеуі тиіс. Жол қысқарту үшін Қазақстанды кесіп өтуді көздеген олардың шығыны жүз мың теңгеге жетіп отыр. Уфадан Астраханға жеткізбек болған 17 тонна сыраларын басқа көлікке тиеп жіберді. Сондықтан жолы болмаған жүргізушілерге тапсырыс берушілер де ақша төлеуден бас тартқан. Қырымдықтар Ресей төлқұжатымен жүр. Дегенмен Украинаның бұл аймағын халықаралық қауымдастық Ресейдікі деп мойындаған емес. Олардың қатарында Қазақстан да бар.


Сергей Антоненко, көлік жүргізушісі:

-Мамандар құжатты талап етіп отырып алса, тағы қаншама уақыт осында амалсыз аялдауға тура келер еді. Себебі Украина мен Қырымдағы қақтығысқа байланысты құжат алу мүмкін емес. Менің өтінішімді Украина билігі орындамақ түгілі, қарамайды да ғой.