Жарияланды: 430

Оралда Ұлы Отан соғысы басталуының 70 жылдығына орай еске алу шарасы өткізілді

Бүгін Оралдағы Жеңіс алаңында Ұлы Отан соғысы басталуының 70 жылдығына орай еске алу шарасы өткізілді.

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюға қала жұртшылығы, партия, қоғамдық ұйымдар, дін өкілдері, студент жастар жиналды. Ұлы Отан соғысының ардагері Хамза Сафиннің атап өткеніндей, ел басына күн туған сәтте Отан қорғауға батысқазақстандықтар да көтерілді. Олардың тең жартысынан азы елге аман-есен оралды. Соғысты шекарада қарсы алғандар арасында батысқазақстандықтар да болды. Бүгін осыған орай Брест қаласында Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алу шарасына оралдықтар қатысты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін