Оралда жүк поезының көлікпен соқтығысуынан поездар қозғалысы екі сағатқа тоқтап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда жүк поезының  көлікпен  соқтығысуынан  поездар қозғалысы екі сағатқа тоқтап қалды

Оралда жүк поезының көлікпен соқтығысуынан поездар қозғалысы екі сағатқа тоқтап қалды

Астана. 13 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Оралда жүк поезы мен жеңіл көліктің соқтығысуынан поездар қозғалысы екі сағатқа тоқтап қалды, деп хабарлайды агентік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 13 Желтоқсан 2007
  • 580
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 12 желтоқсанда сағат 6.30 Оралдың Желаево стансасында Соль-Илецк-Озенки бағытындағы № 0108 жүк вагондарының құрамы «Фольксваген» жеңіл көлігімен соқтығысқан.

Жол көлік апатынан «Фольксваген» көлігінде отырған жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«06.30 дан 08.30 № 379 Алматы-Орал, № 388 Мәскеу-Ақтөбе» бағытындағы поездардың қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті