Жарияланды: 470

Оралдағы сауықтыру орталығында балаларды жаппай уландыру дерегіне қатысты қылмыстық іс 2 ай ішінде тексеріліп бітеді - Батыс Қазақстан облыстық прокуроры

Батыс Қазақстан облысындағы құрт ауруынан сауықтыру жөніндегі "Ивушка" орталығында балаларды жаппай уландыру және осыған байланысты баланың өліміне себепкер болу дерегіне қатысты қылмыстық істі тексеру заңда көрсетілген 2 ай мерзімде аяқталады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық прокуроры Әбдіқадыр Кәрім хабарлады.

Оның айтуынша, қазір мұқият тексеру жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде оқиғаға прокуратура тарапынан қорытынды жасалып, айыпты адамдарға тиісті жаза қолданылады. Ал балалардың жұқпалы аурулары ауруханасында агенттік тілшісіне хабарлауынша, қазір зардап шекккендердің денсаулық ахуалы орташа деп бағалануда. Олардың басым бөлігі ауруханадан шыққан. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 22-шілдеде балалардың "Ивушка" сауықтыру орталығында ішек инфекциясы белең алып, 85 бала зардап шеккен болатын. Соның салдарынан бір бала қайтыс болды. Аурудың белең алуына сальмонеллез себепкер деп танылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть