Өркениетаралық диалог орнату жөніндегі Қазақстанның белсенді ұстанымы көпұлтты республиканың ішкі сұранысымен сабақтас - Назарбаев
![]() |
Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Өркениетаралық диалог орнату жөніндегі Қазақстанның белсенді ұстанымы көпұлтты республиканың ішкі сұранысымен сабақтас. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін сыртқы істер министрлерінің "Ортақ әлем: әралуандық арқалы өркендеу" атты конференциясында сөйлеген сөзінде пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Ғаламдық өркениетаралық, мәдениетаралық диалог орнату жөніндегі Қазақстанның белсенді ұстанымы көпұлтты, сан қырлы мәдениеті бар республиканың ішкі сұранысымен сабақтас, біздің халқымыздың қалыптасқан әлемдік танымымен тамырлас ", - деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін