"Орталық Азия-Орталық" бағдарламасы аясында инвестицияға алғы шарт болатын жобаларды жасау жөніндегі келісімге қол қойылды
26-тамызда "Газпром" ААҚ басқармаларының төрағасы Алексей Миллер "Орталық Азия-Орталық" бағдарламасы аясында инвестицияға алғы шарт болатын жобаларды жасау жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Газпром" ААҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады. |
Келісімге сәйкес Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстан аумағында "Орталық Азия-Орталық" газ тасымалдау жүйесінің қуатын жылына 90 млрд. текше метрге дейін жеткізуге және Ресей аумағындағы "Александров Гай" компрессорлық станциясынан Украина шекарасына дейін газ тасымалдау жүйесін іске қосуға салынатын инвестицияның негіздемесінің жобасы жасалады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін