Жарияланды: 540

Ош тұрғыны былтырғы қырғында туысым қаза тапты деп, жалған анықтамамен қомақты өтемақы алған

Қырғызстанда былтыр Оштағы ойранға қатысты тағы бір шу шықты. 2010-шы жылдың маусымындағы қанды қырғын кезінде қаза тапқандардың қатарына кірген кей тұрғындардың мемлекеттен қомақты өтемақы алып, тайраңдап жүргені әшкере болды. 

Ош тұрғыны Айнур Жокоева бір жылға жуық жергілікті органдардың есігін тоздырып, ақыры 1 млн. сом, яғни 3 жарым млн. теңге өтемақыға қол жеткізіпті. Оған қоса қала орталығынан пәтер бөліп беру мәселесі қаралып жатқан болатын. Бірақ келіншектің өтірігі көпке бармады. Әкелген соңғы анықтама жалған болып шыққан. Ал өлдіге санаған апасы елдің оңтүстігіндегі бір ауылда тұрып жатыр екен. Алаяқ қамауға алынды. Айта кетсек, мұндай жағдай былтырдан бері бірнеше рет тіркелген. Жақында ғана, дәл осылай қаза тапқандардың қатарына кіріп өтемақысын алған адам Ресейден табылған-ды. 

Атай Шәкірұлы, Ош облысы прокурорының орынбасары:

- Айнұр Жокоева сол кезде Тоқтоқан есімді әпкем қаза тапты деп, мүрдесін көрсетіп, көмек алған. Бірақ сол Тоқтақан 2010 жылы наурызда тұрмысқа шығып, Қарасу ауданындағы Башбұлақ ауылына жасырынған. Оның атымен жерленген адамның кім екені әзірге белгісіз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін