Өштескен қос команданың жанкүйерлері төбелесіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өштескен қос команданың жанкүйерлері төбелесіп қалды

Өштескен қос команданың жанкүйерлері төбелесіп қалды

Германияның Кельн қаласында жанкүйерлер шатақ шығарды. Жергілікті «Кельн» мен Майндағы Франкфурттың «Айнтрахты» арасындағы кездесудің екінші кезеңінде жаппай төбелес басталған.

  • 11 Наурыз 2015
  • 241
Фото - Caravan.kz

Алаң иелерінің бірінші болып есеп ашқаны қонақ жанкүйерлерге ұнамаған көрінеді. Сондықтан олар төбелес шығарып, жаппай тәртіпсіздіктің қала орталығына дейін жеткенін жергілікті журналистер хабарлауда. Сонымен қатар, бұрыннан өштесіп келе жатқан қос команданың жақтастары кімнің мықты екенін анықтау үшін алдын ала келісуі мүмкін екендігі де айтылуда. Қайткенде де матч 4:2 есебімен «Кельннің» жеңісімен аяқталды. Ал ойыннан көрі жұдырықтасуды жөн көрген 20 адам полиция бөлімшесіне жеткізілген.