«Өскемен-Алтай» тасжолында жанармай таситын жүк көлігі аударылып түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Өскемен-Алтай» тасжолында жанармай таситын жүк көлігі аударылып түсті

«Өскемен-Алтай» тасжолында жанармай таситын жүк көлігі аударылып түсті

Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай» тасжолында жанармай таситын жүк көлігі аударылып түсті.

  • 14 Сәуiр 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа портал Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 13 сәуір күні облыстың маңызы бар «Өскемен-Алтай» тасжолының Алтай қаласының маңындағы учаскесінде болған.

«Жанармай таситын «Volvo» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты таңдамай, рульді басқара алмай қалған. Соның салдарынан көлік жыраға құлады», — делінген ақпаратта.

Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.


Айта кетейік, көліктен жерге жанармайдың төгілген-төгілмегені әзірге белгісіз. Облыстық Экология департаментінің мамандары сол жерге барып, тексеру жүргізбек.