Жарияланды: 440

Өскеменде ауылшаруашылығы өнімінің мөлшері артты

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменде ауылшаруашылығы өнімінің мөлшері артты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Малшаруашылығы өнімінің артуы мал саны мен оның өнімділігінің артуы есебінен мүмкін болып отыр. 2003-жылдың қаңтар-шілде айларында облыстағы барлық категориялы шаруашылықтарда сойысқа арнап мал және құс сату көлемі тірі салмағы бойынша 771,8 тоннаны құрады. Бұл 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 11,2% артық. Ал сүт өндіру көлемі 5 мың тонна (+3%), жұмыртқа өндіру мөлшері 18 млн. дананы (+10,0%) құрады. Ет, сүт және жұмыртқаның басым бөлігін жеке меншік шаруа қожалықтары өндіруде. Олар өндірген өнім мөлшері тиісінше 85,4% , 97,2% және 99,3%-ті құрады. Биылғы жылдың 7 айында мал мен құстың орташа өнімділігі мынадай болды : бір сиырға шаққанда сауылған сүт мөлшері 1,6 мың кг (өткен жылғы осы мерзімнен1,4% артық) , бір тауыққа шаққанда орташа жұмыртқа саны 96 дананы (-9,4%) құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть