Өскеменде келіншек операциядан кейін көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде келіншек операциядан кейін көз жұмды

Өскеменде келіншек операциядан кейін көз жұмды

Өскеменде жас келіншек соқыр ішегіне ота жасағаннан кейін көз жұмды. Жиырма жастағы Аяулым Сапарбекова жансақтау бөліміне түсіп, сол күйі оянбаған. Марқұмның туыстары бұған жергілікті жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлерін кінәлап отыр. Медицина қызметкерлері болса, әдеттегідей ақталып әлек. Ал жаңадан босанған келіншектің күні кеше ғана дүние есігін ашқан сәбиі жетім қалды.

  • 30 Мамыр 2014
  • 242
Фото - Caravan.kz

Кәдімгі соқыр ішекке ота жасату үшін қыздарын ауруханаға әкеліп, кейін ол жерден өлігін алып қайтамыз деп еш ойламаған Қабдығалиевтар отбасы әлі естерін жия алмай жүр.

Жанар Қабдығалиева, марқұмның анасы:

Өмірге жанталасқан бала болатын. Солардың кесірінен біз қалдық. Жалғыз баладан айрылып. Бала қалды жиырма үш күндік жетім боп. Біз ары қарай қалай өмір сүреміз? Түсінбеймін.

 «Дәрігерлер жаңа босанған келіншекке наркозды артық мөлшерде берген» деп болжам айтады туыстары. Медицина қызметкерлері өздерінің кінәлі еместігін дәлелдеуге тырысып бағуда. Олар «босанғаннан кейін жатырда арам қан ұйып қалған, сол жарылып кетті» дейді. Ал жансақтау бөлімінде жатқанда науқастың жүрегі екі рет тоқтағанын жасырып қалмақ болыпты. Аяулымның қазасы туралы анықтамаға тромбоэмбалия деп жазып бере салған. 


Жанар Қабдығалиева, марқұмның анасы:

Біреуі былай дейді, біреуі былай сылтау айтады. Сонда мен баламды опыт үшін сойғыздым ба?!

Динара Мұқашева, марқұмның енесі:

Түнде бірінші рет жүрегі тоқтап қалды дейді. Сонда неге бізге хабарын бермейді. Таңертең баланы емізуге барғанда естірттті. Сонда аппендицитке жаңадан босанған келіншекке операцияны бір жеңілдікпен местный наркозбен жасауға болма па еді?!

Құзырлы орындар мен ота жасалған аурухана басшылығы осы оқиғаға байланысты түсініктеме беруден бас тартты. Әзірге қызметтік тексеру нәтижесін күтіп отырғандарын айтады. Өрімдей жас келіншектің өліміне кімнің кінәлі екендігі сонда ғана белгілі болмақ. Туыстары болса сотқа арыз жазып қылмыстық іс қозғалуын талап етуде.