Өскеменде көлік тонаумен айналысқандар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде көлік тонаумен айналысқандар ұсталды

Өскеменде көлік тонаумен айналысқандар ұсталды

Өскеменде көлік жөндеу орталығының шебері мен таксист екі аптаның ішінде 35 көлікті тонап кетті. Бір қызығы олар машиналардан тек аккумуляторын шешіп әкетіп отырған. 

  • 21 Қаңтар 2016
  • 145
Фото - Caravan.kz

Жастары жиырмаға да толмаған екі дос көбіне ресейлік ВАЗ көліктеріне қырғидай тиіпті. Өйткені дабыл құрылғысы жоқ және есік-терезесі алқам-салқам келетін оларды тонау қиындық туғызбайды екен. Күдіктілер жорықтарына түн қата шығып, аулада қараусыз тұрған көліктерді ойрандап келген. Тергеу абақтысына қамалған күдіктілердің осындай басқа да қылмыстарға қатысы анықталып жатыр.