Өскемендік экологтар қаланы басқан көк түтінді зиянсыз деп тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемендік экологтар қаланы басқан көк түтінді зиянсыз деп тапты

Өскемендік экологтар қаланы басқан көк түтінді зиянсыз деп тапты

Өскеменнің экологтары күтпеген мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, қаланы екі аптадан бері басып тұрған көк түтіннің адам ағзасына еш зияны жоқ. Әрі ауаны өндіріс алпауыттары емес, аязда көмірді аямай жағып жатқан тұрғындар ластаған көрінеді.

  • 30 Қаңтар 2016
  • 214
Фото - Caravan.kz

Өйткені жер үйлердің қысқа мұржасынан шыққан түтін сейілмей, қалада қалып қояды екен. Ал зауыттардан шыққан газ тіпті облыс орталығының аумағынан асып кетеді-міс. Экологтардың бұл сөзі төтенше жағдайлар қызметінің таратқан хабарландыруына кереғар боп тұр. Олар алдағы күндері далаға шықпауға кеңес берді. Дәрігерлер де қара тұман басталғалы екі апта ішінде өкпесі ауырып, ауруханаға түскендердің көбейгенін растады. Ауадағы улы заттар рұқсат етілген мөлшерден 3 есе көбейіп кеткен. Бұған қарамастан экологтар ешқандай қауіптің жоқ екенін айтып, міз бақпады.

Елена Филиппова, ШҚО экология департаментінің бас маманы:

— Зауыттардағы құбырдан шыққан газ атмосфераға жайылмайды. Мәселен, қаланы жылытып отырған қазандықарға қараңыздар. Олардың биік мұржаларынан шыққан түтін бірден аппақ боп сейіліп кетеді. Мұнда да сол жағдай.