"Ота жасауға көнсем, олар мені өлтіретін еді". "Сары Алмаздың" әкесін бірнеше рет өлтіруге талпынған - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ота жасауға көнсем, олар мені өлтіретін еді". "Сары Алмаздың" әкесін бірнеше рет өлтіруге талпынған

"Ота жасауға көнсем, олар мені өлтіретін еді". "Сары Алмаздың" әкесін бірнеше рет өлтіруге талпынған

Көпшілікке «Сары Алмаз» деп танылған Несіпбай Нәсеновтың өлімі жұмбақ жағдайда қалып еді. Әкесі оның кімнің қолынан, қалай өлгендігі туралы айтып берді. Және өзін де, яғни, «Сары Алмазтың» әкесін де бірнеше рет өлтіруге талпынғаны туралы айтты.

  • 2 Қараша 2022
  • 606
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz  журналист Нұрсейіт Жылқышыбайұлының "Уақыт көрсетеді" Youtube арнасына  сілтеме жасап хабарлайды

«Өзімді 2-3 рет өлтіре жаздады. Аэропортта отырғанымда татар келіншек келіп бір зат ұсынды. «алмаймын» дегеніме қарамай, қасыма бірнеше рет келіп қоймады. Содан мен күмәнданып, айналамда отырған жігіттерден «Мына бір пәле көздеп тұрған адам. Қолындағысын алып көріңдерші. Мүмкін есірткі шығар» деп жатқаным сол еді қашып кетті. Содан ұшаққа отырдық. Аэропортқа жеткенімде КГБ-ның адамдары мені күтіп жүргенін естідім. Демек, маған сол кезде жала жауып, соттатқысы келген. Ал, екінші жағдай осыдан 3 жыл бұрын болды. Ауруханада кардиология бөлімінде емделіп жатыр едім. Бір күні аяқ асты төрт дәрігер кіріп келіп, «сізге шұғыл түрде ота жасалу керек» дейді. Мен кімнің агенті екенін сұрап едім мойындамады. «Сонда маған ота жасалу керектігін қайдан біліп алдыңдар? Ешқандай анализ тапсырған жоқ едім» деп күмәндандым да қуып жібердім. Егер мен ота жасауға көнсем, олар мені өлтіретін еді. Осы сияқты жағдайлар толып жатыр…» дейді Болатбек Нәсенов.

Ал, «Сары Алмаздың» қалай өлгендігі туралы Болатбек Нәсеновқа әлдебіреулер WhatsAPP желісіне жазып жіберген екен. Хатта «Таңғы 5-те бір топ адам келіп Несіпбайды күзетіп отырған 2 адамды байлап тастап, Несіпбайдың ұйықтап жатқан жерінен басына салафан кигізіп, тұншықтырып, бір рет басынан оқ атып өлтіргені» туралы жазылыпты.


Соңғы жаңалықтар