Отбасымен бірге мешітте тұруға мәжбүр болған полицей баспаналы болды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отбасымен бірге мешітте тұруға мәжбүр болған полицей баспаналы болды

Отбасымен бірге мешітте тұруға мәжбүр болған полицей баспаналы болды

Үй төрт бөлмелі, оның біреуі полицейдің жұмыс кабинеті болады

  • 18 Шiлде 2019
  • 33
Фото - Caravan.kz

 Қырғызстанның Қадамжай ауданындағы Мыңшынар ауылында учаскелік полицейге төрт бөлмелі үй салынды.

Полицей отбасымен бірге төрт бөлмелі үйде қоныс тойын тойлады

Полицей Чырмаша Усен уулу отбасымен қоныс тойын тойлады. Ауылда полиция бекеті болмағандықтан, бала-шағасымен бірге мешітте тұрған. Кейде ауылдастарының үйінде қонды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Бұл мәселені шешу үшін ауыл әкімдігі 1 миллион сом (5 жарым млн теңгеден астам), ал аудандық ішкі істер басқармасы – 200 мың сом (1 млн теңгеден астам) бөлген. Демеушілердің қаражатын қосқанда 1,5 миллион сомға жеткен.

Қырғызстандықтар полицейге үй салып берді

Үй құрылысына 1 жарым миллион сом қаражат жұмсалған

Полиция бекеті мен баспананың құрылысы наурыз айының соңында басталған. Үш жарым сотық жерде төрт бөлмелі үй салынды. Оның біреуі полицейдің жеке кабинеті болады.