ол 2006 жылы саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс беруші ретінде сотталған болатын, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" тілшісі.
Отырыс ашық режимде орыс тілінде өтіп жатыр, төрағалық етуші судья Асқарбек Беиімбетов.
Сот ғимаратын полицияға қоршауға алған. Е.Өтембаев залға арнайы әскерлердің күзетімен әкелінді.
Қазақстанда танымал саясаткер А.Сәрсенбаевтың, оның жүргізушісі мен күзетшісінің мәйіттері 2006 жылы 13-ақпан күні Алматының қасынан табылған.
Бұл қылмыстық іс қоғамда елеулі резонанс туғызды. Қылмыс жасағандығы үшін әр түрлі мерзімге тоғыз адам сотталған, арнайы қызметтің қызметкері Рүстам Ибрагимовты сот қылмысты тікелей ұйымдастырушы және орындаушы деп санап, оған өлім жазасын белгілеген.
Е.Өтембаевты сот А.Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс беруші деп санап, оған 20 жыл қамауда отыруға үкім шығарған еді.
2013 жылдың желтоқсан айының соңында Қазақстан бас прокуратурасының мәлімдеуінше, Р.Ибрагимов жаңа дәйектер берген, ол енді А.Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс бергендер Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев, деп айтуда.