Жарияланды: 410

Өткен тәуліктерде елімізде жол апаттарынан 6 адам қаза тауып, 20 адам жараланды

18-тамызда елімізде жол апаттарынан 6 адам қаза тауып, 20 адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәселен, Талдықорғанда шетелдік автокөліктің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кету салдарынан аты-жөні беймәлім әлгі екі адам оқиға орнында қаза тапты. Жамбыл облысында үш үлкен жол апаты болды. Алғашқы оқиғада "Мерседес" автокөлігінің жүргізушісі көлігінің тізгініне ие бола алмай оны аударып алды. Апат салдарынан 30 жастағы жолаушы сол жерде көз жұмды. Жүргізушінің өзі мен араларында 3 бала бар тағы бес жолаушы әртүрлі дәрежелі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Ал Жамбыл облысының тағы бір ауданында Тараз-Ақкөл автожолының 69-шы шақырымында "Ауди" жүргізушісі тағы да көлік тізгініне ие бола алмай машинаны аударып алды. Соның салдарынан жүргізуші мерт болып, жолаушысы Қаратау қалалық орталық ауруханасына жеткізілді. Шу ауданында осы сияқты тағы бір жол апатынан жүргізуші қаза тапты. Араларында екі бала бар 6 жолаушы Шу қалалық орталық ауруханасына жеткізілді. Оңтүстік Қазақстан облысында Алматы-Термез автожолының 800-ші шақырымында алтыншы үлгідегі екі "Жигули" автокөлігі соқтығысып қалды. Апат салдарынан 22 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Екі жүргізуші, 3 және 4 жасар екі бала мен екі әйел әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть