Өткен түні Оңтүстік Қазақстанда күші 2-4 балдық жер асты дүмпулері сезілді
Өткен түні Оңтүстік Қазақстанда күші 2-4 балдық жер асты дүмпулері сезілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. |
«2011 жылдың 20 шілдесінде 01:35-те Қырғызстан республикасының аумағында жер сілкінісі болды, оның кіндігі Алматының оңтүстік-батысында 534 км қашықтықта, 40° 26′ с.е. және 71° 39′ ш.б. координаттары бойынша тіркелді. Жер асты дүмпулері MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда – 2 балл, Шымкентте – 3-4 балл, Таразда 3 балл көлемінде сезілді», - делінген ТЖМ-нің оперативті ақпаратында.
Қаза болғандар мен қираулар туралы мәлімет жоқ, деп хабарлайды сәрсенбі күні ТЖМ баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін