Өзбекстан азаматы Ақтөбе облысында жол оқиғасы кезінде қаза болды
Ақтөбе облысында жеңіл көлік Өзбекстан азаматын қағып кетіп өлтірген. Дүйсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 44-жастағы ер адам Самара - Шымкент трассасында рейстік автобустан шығып, жолды рұқсат етілмеген жерден өткен. Сол сәтте оны жеңіл көлік қағып кетіп, артынан кюветке құлаған. Өзбекстан азаматы оқиға болған орында қаза болған. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін