Өзбекстанда іздеуде жүрген қылмыскер Көкшетауда қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанда іздеуде жүрген қылмыскер Көкшетауда қолға түсті

Өзбекстанда іздеуде жүрген қылмыскер Көкшетауда қолға түсті

Өзбекстанда іздеуде жүрген қылмыскер Көкшетауда ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Ақпан 2016
  • 349
Фото - Caravan.kz

Полицейлердің мәліметі бойынша «Сәлеметсіз бе, мен Сіздің учаскелік полиция инспекторымын» алдын алу шарасы барысында учаскелік полиция инспекторлары мен Көкшетау қалалық ІІБ көші-қон полиция қызметкерлері бірлесіп жүргізген үй-үйді тексеру жұмыстары барысында жеке басын куәландыратын қолында еш құжатты жоқ күдікті ер адам қолға түсті.

«Тексеріс барысында ер адамның 1986 жылғы шетел азаматы екені және Өзбекстан Республикасы Әндіжан облысының ІІБ іздеуінде жүрген қылмыскер екені анықталды», деп көрсетілген хабарламада.

Сонымен қатар,  ұсталған азаматтың 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Черняевка» өткізу бақылау пункті арқылы ҚР мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені анықталды. Осылайша,  ол өзінің әрекетімен ҚР ҚК 392 бабы бойынша (ҚР мемлекеттік шекарасын заңсыз қасақана кесіп өту) айыпталып отыр.


Қазіргі кезде,  полицейлер қолға түскен шетелдік азаматқа қатысты процессуальдық шешім шығаруда.