Өзбекстанда жемістер мен көкөністерді инфрақызыл сәуленің көмегімен кептіретін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанда жемістер мен көкөністерді инфрақызыл сәуленің көмегімен кептіретін болады

Өзбекстанда жемістер мен көкөністерді инфрақызыл сәуленің көмегімен кептіретін болады

Алматы. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстандағы Бухара азық-түлік және жеңіл өнеркәсібі жөніндегі технологиялық институтының ғалымдары жемістер мен көкөністерді көзге көрінбейтін импульсті инфрақызыл сәуленің көмегімен кептіретін жаңа технологияға патент алды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "CA-News" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 11 Маусым 2008
  • 777
Фото - Caravan.kz

Бірінші кезең 40 — 45 секунд, екіншісі — 20 — 25 секундқа созылады. Екі кезеңнің арасында өнімдер 15 — 50 секунд жатады да, сосын Цельсий өлшемі бойынша 45-50 градуста 2,5 — 3 сағат бойы белгілі концентрациялы сиропта ұсталады.

Ақырғы кептіру тағы да инфрақызыл сәуленің әсерімен жүзеге асырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті