«Өзімді жақсы сезінемін, ұжымым керемет»: Ресей әскерінде Украинаға қарсы соғысып жүрген қазақ жігіт кім? (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Өзімді жақсы сезінемін, ұжымым керемет»: Ресей әскерінде Украинаға қарсы соғысып жүрген қазақ жігіт кім? (ВИДЕО)

«Өзімді жақсы сезінемін, ұжымым керемет»: Ресей әскерінде Украинаға қарсы соғысып жүрген қазақ жігіт кім? (ВИДЕО)

Бұған дейін әлеуметтік желіде қазақ жігітінің «Вагнер» жеке әскери құрамын кіріп, Ресей сарбаздарымен бірге Украинаға қарсы соғысып жүргені туралы хабар тарап еді. Аталған сыбыс расталып, жас сарбаздың кім екені анықталды, деп хабарлайды Caravan.kz.

  • 24 Сәуiр 2023
  • 159
Фото - Caravan.kz


Белгілі болғандай оның аты-жөні — Марғұлан Бекенов. Қазақстандық жігіт 2000 жылы туған. Күтпеген жерден бейнежазба жолдаған ол, Ресей әскерінің құрамында өз еркімен жүргенін жайып салды.

«Бүгін 2023 жылдың 20 сәуірі. БАҚ-та мені ұрлап кетті деген қауесет тарады. Мүмкін мұндай мәселе анам үшін туындаған шығар. «Вагнер» жеке әскери компаниясына өз еркіммен келдім. Арнайы әскери операцияға өз үлесімді қосқым келді. Өзімді жақсы сезінемін, ұжымым керемет. Өзімді таптым, эмоционалды тұрғыда жағдайым жақсы», — деді ол.