Өзін-өзі басынан атқан бозбала тірі қалды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзін-өзі басынан атқан бозбала тірі қалды (ВИДЕО)

Өзін-өзі басынан атқан бозбала тірі қалды (ВИДЕО)

Оқталған тапаншамен ойнаған бозбала байқамай басына оқ атып жіберген. Досына батылдығын көрсеткісі келген ол тапаншаны басына апарып, шүріппесін басып қалды.  

  • 2 Наурыз 2016
  • 272
Фото - Caravan.kz

Шүріппеге бірінші рет басқанда оқ атылмай қалған, екіншісі бұдан сәтсіз болды. Оқ бозбаланың басын тесіп өткен. Жас азамат ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғадан естелік болып қалғаны — терісіндегі екі тыртық пен бинт таңылған басы. Бұл оқиғаны досы ұялы телефонына түсіріп алған, деп жазады tvzvezda.ru