Өзін-өзі «ұрлап кетті» деп жалған қылмыс ұйымдастырған жігіт ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзін-өзі «ұрлап кетті» деп жалған қылмыс ұйымдастырған жігіт ұсталды

Өзін-өзі «ұрлап кетті» деп жалған қылмыс ұйымдастырған жігіт ұсталды

ОҚО-да полицейлер өзін ұрлады деп жалған қылмыс ұйымдастырған жігітті ұстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 2017 жылдың 27

  • 31 Шiлде 2017
  • 250
Фото - Caravan.kz

ОҚО-да полицейлер өзін ұрлады деп жалған қылмыс ұйымдастырған жігітті ұстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2017 жылдың 27 шілдесінде ОҚО-ның Сайрам аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында 1995 жылы туған туысы күндіз Шымкент қаласына сауда жасауға шығып кетіп, қайта оралмағанын көрсеткен.

Жоғалған азаматты табу мақсатында полицейлер барлық жерде іздеу жұмыстарын жүргізеді. Дәл сол күні тәртіп сақшылары Шымкент-Шаян тас жолының бойынан жоғалған азаматқа тиесілі алдыңғы терезесінде соққы іздері бар автокөлікті табады. Сондай-ақ, ол жерде іздеу салнған азаматтың ұялы телефоны болған.

Аталған жайт Сайрам ішкі істер бөлімінде тіркеуге алынып, ҚР ҚК 125-бабы 2-бөлігімен «Адам ұрлау» бойынша қылмыстық іс қозғалған.


Полицейлердің жедел іздестіру іс-шарасы нәтижесінде із-түссіз жоғалған 22 жастағы жергілікті тұрғын Қызылорда қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табылған.

Ол саудадан түскен ақшаны алып, өзін ұрлады деген жалған ақпарат таратқан. Содан кейін басқа қалаға барып, сол жақта ақшаны қажеттілігіне жұмсамақ болған.

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның анық-қанығын тексеруде. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар