Жарияланды: 710

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы көтерілетін болса алкогольсіз сусындар 25 пайызға қымбаттайды

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы көтерілетін болса алкогольсіз сусындар 25 пайызға қымбаттайды

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы көтерілетін болса алкогольсіз сусындар 25 пайызға қымбаттайды.

    Бұл туралы Қазақстан алкогольсіз сусындар мен шырын өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры Әлия Мамытбаева хабарлады.
«Жер асты суын өндіру салығы орта есеппен 500 есеге көтерілуі мүмкін. Бүгінде жер астындағы пайдалы қазбаларды пайдаланатын компаниялар жылына 2 млн теңге салық төлейді. Салық мөлшерлемесі өзгерген жағдайда олар жылына 1 млрд теңге төлеуі тиіс», - деді Ә.Мамытбаева Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.
Қауымдастық өкілдерінің пікірінше, ПҚӨС мөлшерлемесін көтеру «Қазақстанның алкогольсіз сусындар нарығын Еуразиялық одақ елдеріндегі бәсекелестердің алдына жығып бергенмен бірдей». Ресейде жер асты суының бір тоннасына салынатын салық мөлшерлемесі 23 теңге, Беларусияда 78 теңге болса, Қазақстанда 1 айлық есептік көрсеткіш немесе 1982 теңгені құрамақ.
«Салықты көтеру кәсіпорындардың қаржылық жағдайын күрт нашарлатып, инвесторлардың кетуіне және жұмыс орындарының қысқаруына әкеп соқтырады. Бизнеске түсетін салықтық жүктемені 70 пайызға дейін арттырады», - деп қосты Ә.Мамытбаева.
Осыған байланысты қауымдастық аталған заң жобасын кеір қайтарып алуды ұсынып отыр.
Қазір компаниялар жер асты суының 1 текше метрі үшін 5 теңге көлемінде сақыл төлейді. Ал, Қаржы министрлігі талқылауға берген заң жобасында оны 1 АЕК немесе 1982 теңгеге дейін көтеру көзделген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін