Пәкістанда 200-ден астам медресе жабылды
![]() |
Пәкістанда лаңкестікке қарсы күрес жанданып, 200-ден астам медресе жабылып қалды. Бұдан басқа, билік 211 діни мектептің есеп-шотын бекітіп тастаған, деп хабарлады 24.kz. |
Олардың жалпы сомасы - 50 мың АҚШ доллары. Қаржы діни білім беретін оқу орындарының 32-сіне шет мемлекеттерден түсіп отырған. Пәкістан Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, бұл медреселер тиісті мемлекеттік тіркеуден өтпеген. Орталық банк барлық коммерциялық банктерге қара тізімге енген діни мектептердің есеп-шоттарын жабуға нұсқау берді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін