"Паразиттер" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған корей актері Ли Сон Гюн өзіне қол салып өмірден өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Паразиттер" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған корей актері Ли Сон Гюн өзіне қол салып өмірден өтті

"Паразиттер" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған корей актері Ли Сон Гюн өзіне қол салып өмірден өтті

Оскар сыйлығын алған "Паразит" фильмінің актері Ли Сон Гюннің мәйіті Сеулдегі саябақта көліктен табылды.

  • 27 Желтоқсан 2023
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Өлімнің алдын ала себебі – суицид. 2019 жылы танымал фильмде ауқатты отбасының отағасын сомдаған 48 жастағы актерден полиция есірткіні заңсыз пайдаланды деген айыппен үш рет жауап алған. 

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, өткен демалыс күндері жауап алу 19 сағатқа созылған. Артынша актер полицейлерге бардың иесі есірткі қолдануға мәжбүрлегенін айтқан. Актердің менеджерінің айтуынша, ол өз-өзіне қол жұмсайтынын хатында жазған. 

Оңтүстік Кореяның есірткіге қарсы заңын бұзғаны үшін актер алты ай қамалуы мүмкін еді. Егер қылмыс қайталанса, 14 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Режиссер Пон Джун Хоның "Паразиттер" атты комедиялық триллері 2020 жылы "Оскар" жүлдесін төрт номинация бойынша жеңіп алды: Үздік фильм, Үздік режиссер, Үздік түпнұсқа сценарий және Үздік халықаралық көркем фильм.

1975 жылы туған Ли Оңтүстік Кореяның “Қауқарсыз" және "Менің әйелім туралы" сияқты фильмдерінде басты рөлдерді сомдаған.