«Біз ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінде ғылыми-техникалық жетістіктерімізден басқа не ұсына аламыз? Біз ұлттық болмысымызбен, салт-дәстүрлерімізбен, бай ұлттық асханамызбен ерекшелене аламыз. Қонақтар мен БАҚ өкілдерін қазақ халқымен таныстыру көзделген бе? Ұлттық шығармашылық қай деңгейде көрініс табады?» — деді ол палатаның сәрсенбідегі жалпы отырысында үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке арнаған депутаттық сауалымен таныстыру барысында.
Депутаттың айтуынша, қонақтарға қазақ халқының бай тарихын көрсетуге күш салу қажет.
«Көрмеде қазақ халқының шығармашылығы мен ұлттық тағамдары көрмесін ұйымдастыруды ұсынамын. Қолданбалы өнер мен ұлттық дастарханымыз барлық сән-салтанатымен көрініс тапсын. Миллиондаған қонағымыз қонақ үйлерде де, көрмеде де ұлттық сусындарымыз – қымызбен және шұбатпен шөл қандырсын, (…) қазы-қарта мен ұлттық сүт тағамдарының тіл үйірер дәмін татып көрсін», — деді депутат.