Парламент "Ішкі істер органдары туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент "Ішкі істер органдары туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Парламент "Ішкі істер органдары туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Ішкі істер органдары туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарладйы агенттік тілшісі.

  • 16 Маусым 2008
  • 521
Фото - Caravan.kz

Заң жобасының мақсаты ішкі істер органдарының ғылыми ұйымдарында қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуды қамтамасыз ету, ішкі істер органы қызметкерлерін қызметке қабылдау және шығару, оларды қылмысы, соның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешу, қызмет бабындағы міндетін атқару барысында мертігіп қалған қызметкерлерге бюджет қаржысы есебінен дауажай-шипажайларда емделу құқығын беру болып табылады.

Заң жобасын талқылау барысында депутаттар бірқатар ұсыныстар енгізді. Атап айтсақ, «ішкі істер органдарына алғаш рет жұмысқа қабылданған адамдар үшін 3 айлық сынақ мерзімі белгіленеді».

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті