Қазақстан үкіметі мен банк, осы қаржылық институт тарапынан көрсетілетін барлық техникалық көмектің жалпылама шарттарының жиынтығын бекіту үшін 1995 жылдың 5 қазанында техникалық көмек туралы негіздемелік келісімге қол қойды.
Техникалық көмекті консультанттар жүзеге асырады». Осы орайда «негіздемелік келісімге қосымшада консультанттарға бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар қарастырылған.
Атап айтсақ, қосымшаның 7 бөліміне сәйкес, «консультанттарға қатысты мынадай шаралар қолданылмайды : техникалық көмек аясында іске асырылған барлық іс-әрекеттерге қатысты сот тарапынан қудалау жасалмайды; иммиграциялық шектеулер; шетелдік азаматтарды тіркеуге қатысты талаптар; шетел валютасын елге әкелу немесе алып шығу тәртіптері».
Қосымшаның 9 бөліміне сәйкес, «Қазақстан үкіметі консультанттарды кез-келген техникалық көмекті жүзеге асыруға байланысты барлық салықтар, алымдар мен басқа да төлемдерді төлеу шығындарынан босатуға, техникалық көмекті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы аумағына кез-келген жабдықтар, көлік құралдары мен материалдарды енгізуге қатысты шығындардан босатуға міндеттеме жүктейді».
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті