Парламент Қытай халық республикасымен дипломатиялық өкілдіктерге арнап жер телімдерін беру туралы келісімді ратификациялады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Қытай халық республикасымен дипломатиялық өкілдіктерге арнап жер телімдерін беру туралы келісімді ратификациялады

Парламент Қытай халық республикасымен дипломатиялық өкілдіктерге арнап жер телімдерін беру туралы келісімді ратификациялады

 Сенат бүгін пленарлы отырысында «Қазақстан Республикасы үкіметі мен Қытай Халық Республикасы үкіметі арасында дипломатиялық өкілдіктер ғимаратын салуға жер телімдерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

  • 20 Қараша 2014
  • 719
Фото - Caravan.kz


Құжат президенттің қол қоюына жіберіледі.
Бұл келісім Астанада 2013 жылы 7 қыркүйекте бекітілді.
Оның мақсаты екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту, Қазақстанның Қытайдағы және Қытайдың Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктерінің болуына және жұмыс істеуіне тиісті жағдайлар қамтамасыз ету болып табылады.
Құжатқа сәйкес, қазақстандық тарап қытай жағына Астана қаласында Тәуелсіздік көшесінде Қытайдың Қазақстандағы елшілік ғимаратын салу үшін 3 гектар жерді 49 жылға уақытша пайдалануға береді.
Қытай тарабы Қазақстанға Пекинде үшінші дипломатиялық ауданда Қазақстан Республикасының Қытайдағы елшілік резиденциясын салуға 0,2316 гектар жер, төртінші дипломатиялық ауданнан 1 гектар жерді 49 жылға уақытша пайдалануға береді.
Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет тұжырымдамасында атап көрсетілгендей, тараптар жер телімдерін пайдалану құқығына құжат алған уақыттан бастап 60 күннен кешіктірмей 1 млн $ жалдау ақысын төлейді.
Әр тарап ғимарат салуға қатысты барлық жұмыс түріне шығынды өзі көтереді.