Келісімнің мақсаты ШЫҰ кеңістігіндегі бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төндіретін жағдайларға Шанхай ынтымақтастығы ұйымының тиімді жауап қатуын, қорғаныс мекемелерінің өзара келісілген іс-әрекетін қамтамасыз ету бойынша күш біріктіру, сондай-ақ, бірлескен әскери оқу-жаттығуларды өткізу мен оған дайындықтың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындауға саяды.
Келісімнің ережелеріне сәйкес, «қабылдаушы жақтың құзыретті органдары ұлттық заңнамаға сәйкес, жіберуші тараптың әскери құрылымдарының жеке құрамы мен жылжымалы мүлкіне қатысты карантиндік шараларды жүзеге асыруға құқылы». Сонымен бірге, «тараптардың құзыретті органдары қылмыс жасаған күдікті деп танылған немесе қылмыс жасады деп айыпталған оқу-жаттығуға қатысушыларды іздестіру (жүрген жерін анықтау), ұстау немесе тұтқындау (қамауға алу), қылмысқа қатысты дәлеллерді жинау және оларды беру, тексерулерді жүргізуге бір-біріне қолдау көрсетеді».
Келісімге 2007 жылдың 27 маусымында Бішкекте қол қойылды.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті