Парламент үкіметтің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебін бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент үкіметтің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебін бекітті

Парламент үкіметтің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебін бекітті

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Парламент палаталарының бүгін өткен бірлескен отырысында депутаттар үкіметтің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебін бекітті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Маусым 2008
  • 423
Фото - Caravan.kz

ҚР қаржы министрі Болат Жәмішевтің айтуынша, «республикалық бюджеттің шығындары 2007 жылы қайтарылған қарыздарды есепке алмағанда 2,48 трлн теңгені, немесе, жылдық жоспардың 98,9% құрады. 26 млрд астам теңге игерілген жоқ. 12 млрд астам теңге көлеміндегі игерілмеген қаржы мақсатты трансферттерге жатады».

Кіріс бойынша республикалық бюджеттің жоспары толық орындалды. Республикалық бюджетке түскен нақты түсім 2007 жылы 2,22 трлн теңгені құрады.

Сонымен бірге парламент депутаттары үкіметке болжам негізді болуы үшін және бюджеттік жоспарлаудың жалпы сапасынс арттыру үшін еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын болжау жүйесінің жалпы сапасын көтеруге шаралар қолдануға, бюджеттік қаражаттың пайдаланылуын сипаттайтын көрсеткіштер мен бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу тиімділігін айқындайтын индикаторларды белгілеуге тапсырма берді.

Парламент депутаттары сонымен бірге инфляция деңгейін төмендету мен бағаның өсімін тоқтатуға бағытталған өзара сабақтас шаралар кешенін дәйектеу қажет деп санайды. Сонымен бірге, парламент депутаттары парламентке Бюджеттік және Салық кодекстерінің жобасын енгізуде оларды жүзеге асыруға бағытталған нормативтік-құқықтық актілердің жобасын да қоса енгізуді нұсқады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті