«Парламенттен бір теуіп шығаруын талап етемін»: Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі депутат Қарақат Әбденмен соттасатынын жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Парламенттен бір теуіп шығаруын талап етемін»: Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі депутат Қарақат Әбденмен соттасатынын жайып салды

«Парламенттен бір теуіп шығаруын талап етемін»: Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі депутат Қарақат Әбденмен соттасатынын жайып салды

Танымал құқық қорғаушы, «НеМолчи.kz» қорының басшысы Дина Смаилова жаңадан сайланған депутат Қарақат Әбденнің шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан қыздарға салық салдырамын деген мәлімдесіне байланысты пікір білдірді.

  • 6 Сәуiр 2023
  • 145
Фото - Caravan.kz

Ол оны Парламенттен бір теуіп шығаруын талап етіп, сотқа беретінін ашып айтты, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Дина Таңсәрінің айтуынша, ол Қарақат Әбденге қарсы петиция дайындамақ екен.

«Мен грузин азаматына тұрмысқа шыққан қыздың анасы ретінде, мұндай бастама үшін, сотқа беретінімді мәлім етемін!

Бұл ұлт белгісіне байланысты дискриминация болып саналады. Мен көп құрметтей бермейтін ханым адам құқығы жайлы біле ме өзі? Мен петиция дайындап, Қазақстан Парламентінен бір теуіп шығаруын талап етемін! Ел Конституциясын бұзғаны үшін», — деп жазды ол желідегі парақшасында.