Жарияланды: 430

Павлодар институтында дистанциялық технологиялар қолға алынуда

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында информатика оқытушыларына арналған «Қашықтықтан білім беру» атты семинар өтті,

деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен. Семинарды ресейлік профессор, Ф.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетіндегі «Moodle» технологиясын енгізу жобасының авторы Сергей Тимкин жүргізді. Пединститут мамандары студенттерге қашықтықтан жоғары білім алуға мүмкіндік беретін дистанциялық оқу жүйесін қолға алып отыр. Мұндай технологияның көмегімен тек жоғары білім беріп қана қоймай, курстар мен тренингтер де өткізуге болады, дейді мамандар. Семинарға қатысушылар Омбымен орнатылған бейнемәслихат арқылы профессор С.Тимкиннің әріптестерінен де кеңестер алды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть