Жарияланды: 500

Павлодар облысы; білім ошақтары мен денсаулық сақтау ұйымдары І тоқсанда Т15,4 млрд тг қызметтерін көрсетті

Павлодар облысының білім ошақтары ағымдағы жылдың І тоқсанында халыққа 9 миллиард теңгенің қызметін көрсетті,

деп хабарлады статистика департаментінен. Бұл соманың 83 пайызы - бюджеттің есебінен өтелсе, 16,5 пайызы - халықтың қаражаты, 0,5 пайызы - кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаты есебінен өтелді. Оның ішінде, орта мектептер 4,5 миллиард теңгенің, жоғары оқу орындары - 1,5 миллиард теңгенің, метепке дейінгі мекемелер - 1,4 миллиард теңгенің қызметін көрсеткен. Ал техникалық және кәсіптік орта білім беру мекемелерінің үлесі - 1,1 миллиард теңгенің шамасында. Денсаулық сақтау ұйымдары мен әлеуметтік қызметтер болса, І тоқсанда 6,4 миллиард теңгенің медициналық көмегін көрсеткен. Бұл соманың 88,1 пайызы - бюджеттің қаражаты болса, 7,3 пайызы - халықтың өз қаражаты, 4,6 пайызы - кәсіпорындардың қаржысы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін